«Глашаны» құтқару операциясы

«Глашаны» құтқару операциясы

ШҚО ТЖД,  Өскемен қаласының ТЖБ құтқарушылары, еріктілер, ҚР Қызыл Жарты Ай ШҚ филиалының өкілдері су айдындарда қауіпсіздік шараларын сақтауға бағытталған, жазғы ерекше акцияны ұйымдастырды.
Қаланың бір жағажайында ТЖ қызметінің қызметкерлері суда адам батып бара жатқан жағдайды жасады. Суға батушының ролін «Глаша» манекені орындады. Демалушылардың міндеті «Глашаны» судан шығарып, алғашқы көмекті сауатты түрде көрсету болды.

Оқыту акциясы барысында ШҚО ТЖД мамандары азаматтардың қалай құтқару шеңберін және «Александров тұйығын» қолдана алатындығын, судан адамды шығару әдісін білуін, және де зардап шегушіні жандандыру әдісінің машығын білуін тексерді.

Өз күштерін тексеріп көргісі келетіндер көп болды. Жіберген қателіктерін кәсіби сүңгуірлер мен құтқарушылар, ҚР Қызыл Жарты Ай ШҚ филиалының еріктілері көрсетіп тұрды.

«Акция суайдындарда қауіпсіздік шараларын сақтауға аса назар аударуға бағытталған. Шұғыл жағдайда өзін-өзі ұстауға халықты оқыту. Біздің өңірде суға шомылуға рұқсат етілген 22 орын бар. Азаматтарға, құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайлы қарамауды және суға шомылуға тек жабдықталған жағажайларды таңдауды ұсынамыз» ,- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.