Шығыс Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан аумағында  төтенше өрт қаупі  сақталады.

Өрт сөндіру бөлімшелері күн сайын құрғақ шөптің жануына қарсы күрес жүргізеді. Аптаның басынан бастап олар шамамен 20 рет жануларды жылдам өшірді, оның ішінде жану аумағы аз жанулар да бар. Құрғақ шөптердің жануы негізінен халықтың ан абайсызда от шығарып алуынан  найзағай отының түсуінен орын алып жатыр.

Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 250-ден астам адамнан тұратын 46 мобильді топ жұмыс істейді. Олар орман аймағындағы алқаптарға мониторинг жүргізеді және рейдтік іс-шаралар өткізеді, рейдтік іс-шаралар барысында 51 өрт қауіпсіздігін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мобильді топтар азаматтар мен демалыс орындарындағы демалушыларға орманда ашық отпен абайсызда от шығарып алу кезінде қолданылатын жауапкершіліктер туралы, өрттің негізгі себептері, өрт қауіпсіздігі саласындағы барлық ұсыныстарды орындау қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі ақпараттарды айтып береді.

        Алдағы күндері облыс аумағында күннің қатты ысуы және жоғары өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты ШҚО ТЖД азаматтарға орманға барудан бас тартуды ұсынады!

Егер сіз орманда болсаңыз, келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз:

Қатаң тыйым салынады:

- от жағу,

- арнайы жабдықталған орындардан тыс жерлерде  тамақ дайындауға мангалдарды, басқа да құралдарды  пайдалануға,

- темекі шегуге, жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға,

- күн сәулесі түсетін орман алқабында, шыны бөтелкелерді, әйнек сынықтарын, басқа қоқыстарда қалдыруға.

Жеке үйлерінің иелеріне мен жазғы саяжай тұрғындарына ШҚО ТЖД ашық отпен жұмыс істеуде аса сақ болуға, ғимараттардың жанында от жағуға және қоқысты бақылаусыз жағуға жол бермеуге кеңес береді!

Рұқсат етілмеген от жағулар, құрғақ шөптерді бақылаусыз қалдырулар  және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Өрт кезінде "101" немесе "112"нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.