Риддер қ. шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік

Риддер қ. шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік

Риддер қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері шомылу кезеңінде су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда. Шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 77 рейд өткізілді, оған жеке құрамның 203 адамы жұмылдырылды, оның ішінде өрт сондіру қызметкерлері, полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган және еріктілер. Жалпы саны 1130 дана үгіт материалдары тапсырылды. Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 364-бап бойынша 1 әкімшілік хаттама, алголдық масаң күйде қоғамдық орындарда пайда болғаны үшін 440-бап бойынша 1 әкімшілік хаттама және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін 412-бап бойынша 1 әкімшілік хаттама жасалды.

Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Тихая өзені (1 ауданның  бөгетінен төмен көпір), Үлбі өзені (Үлбі автожол көпір ауданы; Үлбі теміржол көпірі ауданы), Быструха өзені (Алтай, Филлиповская көшелеріндегі аудан, Гавань ауданы Лесопильная көшесі көпірі, Быструха және Журавлиха өзендерінің түйіскен жері),  Шаравка өзені (Тақұм шаю ауданы) шомылуға тыйым салынған орындар болып табылады.

Рейд жүргізу кезінде демалушыларға жадынамалар табыс етіледі, судың жанында болған кезде қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі, бұзушылар анықталады.

Риддер қ. ТЖБ су айдындарында болған кезде жалпыға белгілі мінез-құлық ережелерін сақтау азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігінің кепілі болып табылатынын еске салады!