
Орманшылардың, өрт сөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Ұлан ауданында Приморск орманшылығында және Глубокое ауданында Комсомол орманшылығында (Өскемен қаласының шеті) құрғақ өсімдіктердің жануы тоқтатылды.
Ұлан ауданында 2023 жылдың 26 маусымынан бастап өртпен күресіп, жалпы ауданы 5 га, ал Өскемен қаласының шетіндегі өртпен кешегі түстен бастап арпалысып, 14,2 га алаңда сөндірілді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл екі өртті сөндіруді таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтырды, бұл өртті бірден үлкен аумаққа таратты.
Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Ұлан ауданында орманшылар мен су десантын жеткізу үшін, екіншісінде әуе бөлімшесі 7 рет су төкті, осылайша өрттің таралуына жол бермеді.
Әдетте, мұндай өрттер халықтың отқа немқұрайлы қарауынан болады. Осыған байланысты, ШҚО ТЖД халыққа еске салады:
-үйлер мен үй-жайлардың жанында, әсіресе желді ауа-райында от жағуға, құрғақ шөпті өртеуге, көліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдыстарды тастауға, от жағуға болмайды!
Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112"қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
--