Өскемен қаласындағы өрт кезінде халыққа қызмет көрсету арнайы орталығының ғимараты бүлінген жоқ

Өскемен қаласындағы өрт кезінде халыққа қызмет көрсету арнайы орталығының ғимараты бүлінген жоқ

2023 жылғы 27 маусымда Өскемен қаласында халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығы ғимаратының жанында жеке кәсіпкердің аумағында азық-түлік қоймасына арналған тоңазытқыш модулі өртенді.

Оқиғаның куәгерлері қолда бар құралдардың өртті сөндіре бастады, алайда, қатты соққан жел жалынды одан әрі өршіте берді. Өртті өз бетінше сөндіре алмағандықтан кәсіби мамандарды шақырды. Келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері тоңазытқыш модулін сөндіруге және көлікті тіркеу орталығын  қорғауға кірісті. 

Өрт жалпы ауданы 144 ш. м. жойылды.

Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты өрттен зардап шеккен жоқ.

Өрттің себебі-отты абайсыз пайдалану.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 33 адам және 10 техникасы жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Нысандарда жұмысқа жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдары және жарамды автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Нысан қызметкерлері қауіпсіздік нұсқауларынан өтіп, өрт кезінде әрекет ете білуі керек. 

         Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" немесе "101"нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі