Жылқыны құтқару үшін манипулятор қажет болды

Жылқыны  құтқару үшін манипулятор қажет болды

Зайсан қаласында Достық көшесінің бойында жылқы құдыққа құлады. Куәгерлер құтқарушыларды көмекке шақырды. Оқиға орнына келген 25-ӨСБ қызметкерлері салмағы -150 кг болатын жылқыны  жер бетіне көтеру үшін  терең шұңқырға түсіп, жануарды арқанмен байлап, манипуляторды  қолданды.

Бүкіл құтқару операциясы сәтті өтті. Жылқы қазір қауіпсіз жерде.

ШҚО ТЖД жануарлары бар азаматтардан үй жануарларын қараусыз қалдырмауды, оларды арнайы белгіленген орындарда бағуды сұрайды.

Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.