
22 маусымда Шемонаиха қаласындағы Украинская көшесіндегі газ толтыру станциясында жарылыс болды. Салдарынан өрт шықты.
Өрттен 5 бірлік техника бүлінді.
16 сағат 16 минутта өрт толық сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 80 ш.м. 1974 және 1975 жылы туған 2 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылған.