
Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушілері өрт қауіпті маусымда және судағы навигацияның басталуы себепті «Портгарант» ЖШС-мен бірлесіп арнайы оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша теплоходтың машина бөлмесінде қысқаша тұйықталу болған. Салдарынан өрт кеменің жанғыш конструкцияларына тез тарала бастады. Команда жалынды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен басып тастауға тырысты, алайда, өкінішке орай нәтиже шықпады. Капитан дабыл қағып, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін көмекке шақырды. Осы уақытта кемеде қозғалтқыш істен шығып және ол инерциямен жағаға қарай жылжи бастады. Көмекке 3 өрт сөндіру көлігі, моторлы қайықпен құтқарушылар және медициналық қызмет келеді. Кемені қызыл жалын орай бастады, осы кезде кеменің 2 қызметкері теплоходтан қашып, суға секіріп кетті. ШҚО ТЖД қызметкерлері экипажды судан алып шығып, жағаға жеткізді, онда оларға Мамандандырылған жасақтың дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті.
Осы уақытта басқару тетігі істен шыққан кеме жағаға келіп тіреліп, нәтижесінде құрғақ шөптер, бұталар өртеніп, саяжай массивіне қауіп төнді. Су көлігі мен жағалау аймағындағы өрттерді сөндіруге арналған "Ледокол-2" өрт сөндіру кемесі көмекке келді. Капитан өрт сөндіру есебіне жанып жатқан кеме мен жағалау желісіндегі өртті сөндіру үшін 4 стационарлық лафетті оқпан беру туралы бұйрық береді.
Құрамында 3 бөлімшесі бар өрт сөндіру бөлімшелері саяжай бағытында өрттің таралуына жол бермеу үшін 500 шаршы метр аумақта жанған бұталарды сөндіруге кірісті.
"Су айдынында да, құрлықта да отпен күресте бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігінің арқасында кемедегі өрт пен шөптің жануы сәтті сөндірілді. Бұл жерде тартылған күштердің іс-қимылын үйлестіретін өрт сөндіру штабы орналастырылды. Кемедегі өрттер ең қиын болып саналады. Кеңістіктің тұйықталуы, жалынның тез таралуы және температураның жоғарылауы, отынның үлкен көлемінің болуы қауіпті факторлар болып табылады. Біздің міндетіміз нақты дағдыларға барынша жақын жағдайларда тиісті дағдыларды пысықтау болды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев.