
20 маусымда Глубокое ауданында, Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге су қоймасына келіп, жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты.
"Тыйым салынған белгілер - бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін ақпарат. Олар қауіпті - күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқтығы туралы хабарлайды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
ШҚО ТЖД судағы мінез-құлық ережелері туралы ұмытпауды, сіздің өміріңіз осыған байланысты екенін еске салады. Демалушылар мына жәйттарды еске ұстауы қажет:
- шомылу үшін рұқсат етілмеген су айдындарын таңдау
- ешбір жағдайда мас күйінде суға кірмеу және шомылу
- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда суға секіру қауіпті
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды
- ересектердің қарауынсыз балаларға суға түсуге тыйым салынады
- тәуекелге бармаңыз және өз күштеріңізді асыра бағаламай, алысқа жүзбеңіз.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.