
14.06 түнде Алтай ауданында, Северное ауылынан 7 км қашықтықта, жету қиын таулы жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртеніп кетті. Сағат 06:25-те 3 га алаңдағы жану жойылды.
Жануды жоюға ШҚО ТЖД, орманшылық және жергілікті атқарушы органдардың 44 адамы, 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сол күні сағат 11 шамасында Северное ауылынан 10 км қашықтықта Алтай ауданында құрғақ шөптер мен бұталардың жаңа жануы орын алды. Өртті сөндіру жұмысына жету қиын таулы жерлер мен бағытын үнемі өзгертететін 20 м/с қатты жел қиындық тудырып отыр.
Жануды жоюға ШҚО ТЖД, орманшылық және жергілікті атқарушы органдардың 102-ден астам адамы және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Жеке құрамды жану орнына жеткізу үшін ШҚО МИ-8 АП тікұшағы жұмылдырылды.
Алдын ала жану алаңы – 15 га. Елдімекендерге қауіп жоқ.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 15 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Төтенше жағдайлар департаменті ашық отпен жұмыс жасауда өте сақ болуды, үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жағуды, құрғақ шөптерді, қоқыстарды жағуды, қамысты өртемеуді еске салады. Көліктерден сөндірілмеген темекі мен шыны ыдыстарды тастамаңыз. От жағуға болмайды!
Өрт қауiптiлiгiнiң жоғары класы бар аумақтарда қауiпсiздiк және өрттiң алдын алу мақсатында Мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салынады.
Рұқсатсыз өртеу, от жағу, құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодексінің 336 және 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Өрт анықталған жағдайда «101» және «112»телефондары бойынша дереу хабарлау қажет