
ШҚО ТЖД спортшысы Мақсат Романов кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеруден чемпион болды. Көкшетау қаласында 2023 жылғы 05-09 маусым аралығында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы кубогы жарыстарында Мақсат жеке есебінде керемет жетістікке жетті. Финалдық жарыста 16,36 секунд уақытта жүгіріп шықты. Бұл уақыт жарыстағы ең үздік көрсеткіш болды.
Мақсат өрт сөндіру-құтқару спортымен бала күннен шұғылданады.
Әріптестері мен спортшылдар Чемпионға құттықтаулар жаудыруда.
Мақсат Романов «ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мамандандырылған жасағында өрт сөндірушілерді арнайы дайындайтын нұсқаушы болып жұмыс істейді.