
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау мамандары балалардың демалыс лагерлеріне барып олардың демалысын өткізетін жағдайларды бақылауда.
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов облыста жазғы кезеңде 19 лагерь есепке алынғанын атап өтті. Балалардың сауықтыру лагерлерін қабылдау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылған. Бүгінгі таңда барлық лагерьлер тексерілді, олардың бірінші басшыларына объектілерді өртке қарсы күйге келтіру бойынша ұсыныстар берілді.
"Өрт қауіпсіздігі балалар лагерлері басшыларының жауаптылығында", - деді Нұржан Өміржанов. "Орман алқаптарында немесе оларға тікелей жақын орналасқан балалардың жазғы демалыс орындарының аумағында өрттерді болдырмау үшін ені кемінде 4 метр минералданған өртке қарсы жолақтардың құрылғылары көзделу керек. Аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден тазарту. Өртке қарсы сумен, пирстермен, су айдындарымен, құрғақ құбырлармен қамтамасыз ету. Шатыр бөлмелерінің ағаш конструкцияларын отқа төзімді өңдеуден өткізу. Өрт автоматикасы жүйесін ақаусыз күйде ұстау және бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Стационарлық жабдықтың, электр сымдарының және жарықтандыру желісінің күйін тексеру. Ғимараттың барлық қабаттарының терезелеріне тор орнатуға жол бермеу және эвакуациялау жолдарын бөгемеу", - деді Нұржан Өміржанов.
Лагерьлер алдында ШҚО ТЖД мамандары балалардың демалысы мен сауығын ұйымдастыру мәселелері бойынша қосымша түзетулер енгізді. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексерулер жүргізілді. Лагерь қызметкерлеріне ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік нұсқамаларын өткізді.