
Балалар демалатын «Толағай» лагерінің ашылуы шеңберінде ШҚО ТЖД мен Глубокое ауданының ТЖБ мамандары «Қауіпсіздік күнін» ұйымдастырды. Кедергілерді еңсеретін эстафеталар, балалардың білімін арттыру үшін түрлі сауалдарға жауап беретін викториналар ұйымдастырып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды. Ең қызықты да әсерлісі өрт сөндіру техникасымен киім кешегін киіп, отпен күресушілердің жауынгерлік киімін кию жылдамдығы бойынша түскен сайыс болды.
Содан кейін су жағасында ұлдар мен қыздарға құтқарушылар қажетті ережелерді үйретті.
«біздің қызмет балалардың қауіпсіз демалысына ерекше назар аударады, себебі түрлі оқиғалар саны жыл сайын артуда. Сондықтан да балалармен жұмыс – ШҚО ТЖД-ның бастамасымен жүргізетін көптеген профилактикалық жұмыс түрлерінің бірі» - деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі