
Орманның әртүрлі төтенше жағдайлардан, соның ішінде өрттен сақталуы бүкіл адамзат үшін маңызды. Осыған байланысты, 2023 жылғы 07 маусымда Төтенше жағдайлар басқармасы орман шаруашылығы басшыларымен және полиция бөлімінің қызметкерлерімен Риддер қаласының прокуроры А. Б. Кдыргалиевтің төрағалығымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Жиналыс барысында өрттің алдын алуға және орман өрт станцияларын қажетті техникалық құралдармен жабдықтауға қатысты проблемалық және өзекті мәселелер қаралды.