
2023 жылғы 7 маусымда ШҚО ТЖД Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында ШҚ облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілі Галина Мырзабаева және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ІІО бойынша аға жедел уәкілі Алинур Назырбековпен кездесу өтті. Кездесуде нашақорлық миллиондаған адамның өмірін қиған әлемдік әлеуметтік мәселе қарастырылды. Ғ.Мырзабаева синтетикалық препараттардың түрлері, қатар жүретін аурулар, сондай-ақ оларды қолданудың салдары туралы айтып, есірткіні қолданатын адамды сыртқы белгілері бойынша қалай анықтауға болатынын түсіндірді. А. Назарбеков есірткі (психотроптық) заттар мен олардың аналогтарын қолданумен, сақтаумен және таратумен айналысатын адамдардың құқықтық салдары туралы айтып, аспектінің заңды жағын ашты. Департамент қызметкерлері әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.