Ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманы

Ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманы

Бүгін 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументінің алдында әнұранды жаппай орындау акциясы өтті.

ерекелік шараға ШҚО мәслихатының депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және рухтас жастар қатысты.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Барша қазақстандықтарды 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көкбайрағымыз аспанымызда мәңгі желбіреп, әнұранымыз бейбіт күнде шырқала берсін!