
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге орай, 2023 жылы 02 маусымда жекелей-тәрбиелік жұмысы жоспарының 13- тармағын орындау мақсатында «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханаға қатынау ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны өткізу барысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің құрылуы туралы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кітапхана қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» фильмін әзірлеп көрсетті. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
Сондай-ақ жеке құраммен кітапханада экскурсия өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері «VR-киіз үй» шындықтың тік әлемімен танысты, өрт сөндіру тақырыбы бойынша ойындардың өткізілуі ұйымдастырылды. Осы кітапханаға барған кезде Орталық кітапхананың қызметкерлерінен әр түрлі сұрақтарға жауап алынды