31 мамыр 2023 жылы саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, жекелей-тәрбиелік жұмысы жоспарының 9-тармағын орындау мақсатында «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері О. Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханаға баруды ұйымдастырды. Аталған іс-шараны өткізу барысында қызметкерлерге саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне, атап айтқанда Қарағанды «КАРЛАГ» лагері туралы лекция оқыды. Кітапхана қызметкерлері саяси қуғын-сүргінге қатысты жинайтын мәліметтер бойынша фильм дайындап ұсынды. Сондай-ақ жеке құраммен кітапханада экскурсия өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері «VR-киіз үй» шындықтың тік әлемімен танысты, өртті сөндіру тақырыбы бойынша ойындар өткізу ұйымдастырылды. Аталған кітапханаға барған кезде Орталық кітапхананың қызметкерлерінен түрлі сұрақтарға жауап алынды.