
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ӨР ТЖМ №52859 әскери бөлімінде шұғыл қызмет атқаратын әскери қызметшілермен салтанатты кездесу ұйымдастырды. Іс-шара «Өмірді сақта» бағдарламасын жүзеге асыру және қоғамдағы әскери қызметтің имиджін арттыру мақсатында өткізілді.
«Шұғыл қызмет атқару жастардың дене-күшін, рухын нығайтуға ықпал етеді. Әскерден кейін әрқайсысынджа ҚР ТЖМ қатарын толықтырып, ТЖ алдын алу және жою жүйесінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметін жалғастыруға мүмкіндік бар» - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Руслан Орынбеков.