Құтқарушылар жаз мезгіліндегі қауіпсіздік туралы айтып берді

Құтқарушылар жаз мезгіліндегі қауіпсіздік туралы айтып берді

       Жаз-бұл балалардың қауіпсіздігі ерекше назар аударуды қажет ететін уақыт. ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау мамандары балалардың демалыс лагерлеріне барып, олардың демалыстарын өткізетін жағдайларды бақылап, тексеріп шықты. 
ШҚО ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО ТЖД МӨББ  бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов облыста жазғы кезеңде 19 лагерь есепке алынғандығын атап өтті. Балалардың сауықтыру лагерлерін қабылдау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылған. Бүгінгі таңда 14 лагерьге тексеру жүргізілді, олардың бірінші басшыларына объектілерді өртке қарсы күйге келтіру бойынша ұсыныстар берілді.
       Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау Кодексте көзделген негіздер бойынша әкімшілік іс жүргізуді және жоспардан тыс тексерулерді қозғамай, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Сондықтан ШҚО ТЖД мамандары лагерьлерді қарап, ұсыныстар береді, өрт қауіпсіздігі балалар лагерьлері басшыларының жауапкершілігіндеӘ, - деп атап өтті Нұржан Өміржанов. ӘОрман алқаптарында немесе оларға тікелей жақын орналасқан балалардың жазғы демалыс орындарының аумағында өрттерді болдырмау үшін ені кемінде 4 метр минералданған өртке қарсы жолақтардың құрылғылары көзделу. Аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден тазарту керек. Өртке қарсы сумен, пирстермен, су айдындарымен, құрғақ құбырлармен қамтамасыз ету. Шатыр жайларының ағаш конструкцияларын отқа төзімді затпен  өңдеу қажет. Өрт автоматикасы жүйесін ақаусыз күйде ұстау және бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Стационарлық жабдықтың, электр сымдарының және жарықтандыру желісінің күйін тексеру. Ғимараттың барлық қабаттарының терезелеріне тор орнатуға жол бермеу және эвакуациялау жолдарын бөгемеуӘ, - деді Нұржан Өміржанов.
Балалардың жазғы демалу орындары мен сауықтыру лагерлерінің аумағында шатырлар (киіз үйлер) орналастырылған кезде бір топ (1 немесе 2 қатар) алып жатқан аумақтың ауданы 800 шаршы метрден аспайды. Топтар арасындағы қашықтық кемінде 15 метр, ал шатырлар (киіз үйлер) арасындағы қашықтық кемінде 2,5 метр болып қабылданады.
Жоғарыда аталған іс-шараларды орындау міндетті болып табылады. ШҚО ТЖД-да айтылғандай, өрт қауіпсіздігі бойынша орындалмаған ұсыныстар күрделі өрттер мен зардаптарға әкелуі мүмкін. Лагерь басшылары жазғы маусым ашылғанға дейін балалардың демалыс орындарын өртке қарсы жай-күйге келтіру бойынша барлық кешенді шараларды қабылдауы керек.
         ШҚО ТЖД бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Руслан Орынбеков БАҚ-пен кездесуде шомылу маусымына дайындық бойынша негізгі проблемалық мәселені - су маңындағы жеке демалыс аймақтарының иелерінің су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындамауын атап өтті. Атап айтқанда: су маңындағы демалыс орындарын жабдықтау және нақты иелеріне орындарды бекіту нормаларына сәйкес келмеуі.
         Өткен жылы шомылу маусымында Шығыс Қазақстанда 7 адам суға батып кетті, барлық жазатайым оқиғалар жабдықталмаған шомылу орындарында болды. ШҚО ТЖД қызметкерлері 14 адамды құтқарды, оның ішінде 2 бала. Облыстық әкімдіктің (20.04.2021 ж. №124) қаулысымен жаппай демалу үшін 14 учаске анықталды, онда 1 муниципалды (Ұлан ауданы) және 4 коммуналдық жағажай (Өскемен қаласы-2, Алтай ауданы – 2) жұмыс істейді. Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен (10.09.2019 ж. №33/354-VI) шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 78 орын және 31 орын. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін Бұқтырма су қоймасында мобильді бекеттер, сондай-ақ жылжымалы бекеттер жұмыс істейтін болады, олар Өскемен қаласының аумағына қызмет көрсететін болады: Сарыбел бекеті, Күршім ауылының ауданындағы Бекет, Бұқтырма су қоймасында Көгілдір бұғаз кентінде ЖҚБ және (ҚММ, Меновновский көлдері және Самал жағажайы) құтқару бөлімшесі бар.
Қазіргі уақытта ШҚО ТЖД, ӘШҚО судағы құтқару қоғамыӘ ҚБ, ӘҚазгидростройӘ ЖШС демалыс базалары мен балалар лагерлері ауданындағы су айдындарын зерттеп жатыр. ШҚО ТЖД қызметкерлерімен 23 құтқарушы –жасақшы оқытылды.
Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында су айдындарын құтқарушылардың патрульдеуі жаз бойы жалғасады.

Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін Апаттық медициналық орталығының ШҚ филиалы бастығының орынбасары Төлеген Иманбаев су қоймасында зардап шеккенге реанимация және көмек көрсету ереждесін көрсетті.