
Алтай ауданы-табиғи байлыққа бай аймақ. Кең орманды дала аумағы ауданның барлық аумағында орналасқан. Өрт қауіпті кезеңде ең бастысы, орманды дала өрттерінің алдын алу. Ол үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы қызметкерлері халық арасында үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Алтай ауданы әкімінің орынбасары М.А. Сахариев Алтай ауданының өрт сөндірушілеріне орман, дала өрттерінің төменгі ошақтарын сөндіру үшін 20 тасымалданатын рюкзакпен өрт сөндіргіш-ОРӨС берілді. ОРӨС көмегімен құтқарушылар, өрт сөндіру техникасы жете алмайтын қол жетпейтін жерлерде өрттерді жоя алады. ОРӨС сыйымдылығы 20 литр. Өрт сөндіргіштер Алтай ауданының 3 өрт сөндіру бөліміне таратылды: Алтай қаласының #2 МӨСБ-де 10 ОРӨС, Октябрьский к.20-ӨСБ-де 5 және Серебрянск қаласының 19-ӨСБ-де 5 ОРӨС.
Алтай ауданының ТЖБ