ШҚО ТЖД кәсіпорындардың қызметкерлерін оқытады

ШҚО ТЖД кәсіпорындардың қызметкерлерін оқытады

ШҚО ТЖД-да «Қазмырыш» ЖШС қызметкерлерін «АҚ құрамына кірмейтін жұмысшылармен және қызметкерлерімен сабақ топтарының басшылары» және «Құрылымдар командирлері» санаттарында оқыту жүргізілді.

Оқыту барлық тақырыптарда практикалық пысықтаумен жүргізілді. Оқу барысында тыңдаушылар ҚР Азаматтық қорғау саласындағы заңнамасымен, облыс аумағында, жалпы ел аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлармен танысты.

Жер сілкінісі, өрт, химиялық қауіпті объектідегі авария кезіндегі қауіпсіздік шараларына және ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.

"Сабақты өткізу кезінде практикалық дағдыларға ерекше көңіл бөлінеді. Тыңдаушылармен өрт сөндіру және сейсмикалық жаттығулар өткіздік, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды үйрендік, манекенде медициналық дайындық бойынша алған білімдерімізді бекіттік. Адам өз дағдыларын көрсеткен кезде – біз оның материалды қаншалықты жақсы меңгергені туралы толық түсінікке ие боламыз», – деді Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Алмас Байжуминов. Сабақ аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушылар тестілеуден өту арқылы өз білімдерін растады және өткен оқу туралы сертификаттар алды.