Өрт қауіпті кезең

Өрт қауіпті кезең

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, ұлттық құндылықтарды және табиғи ортаны қорғау. Жаз айларында аудан аумағындағы жағдай өрттермен, әсіресе дала өрттерімен күрт күрделене түседі. Дала өрттері ауыл шаруашылығына және қоршаған табиғатқа үлкен зиян келтіретіні анық. Зайсан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі орман және дала алқаптарына, сондай-ақ егін алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі шараларына ерекше назар аударады. Өрттің пайда болу себептері: елді мекенде ашық отпен дұрыс жұмыс істемеу, даланың шөптес өсімдіктерін қасақана өртеу немесе темекіні толық сөндірмей тастау.

Орман өрттерінің көпшілігі орманда демалу және жұмыс істеу кезінде өртке қарсы талаптардың бұзылуына байланысты болып жатады Сондықтан мұндай табиғат құбылысына кінәлілерді табу өте қиын. Орман-бұл біздің байлығымыз, әр адамның табиғатты қорғауға, адамның жақсы қасиеттерін көрсетуге және табиғатпен қарым-қатынасын нығайтуға күші бар. Сондықтан мүлікті және қоршаған ортаны сақтау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаныздар.

Зайсан орман шаруашылығының мобильді тобы Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлерімен орман алқабында рейд жұмыстарын жүргізді. 15 адам қамтылған 4 әңгіме өткізіліп, жадынамалар табыс етілді.