Балалардың жазғы қауіпсіз демалысы

Балалардың жазғы қауіпсіз демалысы

 Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен " Жазғы демалысты қауіпсіз ұйымдастыру туралы" тақырыпта отырыс өтті. Отырысқа қатысқан білім беру мекемелер басшыларына, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына жазғы демалыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы айтылды. Өрт қауіпсіздігін сақтау  мен суға түсу маусымындағы өлім жағдайының алдын алу жолдары жайлы  Ұлан ауданының ТЖБ басшысы -  Бидахметов Адилбек Шарипханович жетік айтып берді. Аудандық санитариялық - эпидемиологиялық басқарма басшысы - Шакерова Мадина Жомартовна - жазғы уақытта,әсіресе балалардың  демалыс орындарында санитарлық -эпидемиологиялық, гигиеналық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуін ескертті. Балалардың жол жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы,сол сияқты жалпы тәртіпті сақтауға бағытталған  шаралар бойынша Ұлан ауданының кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша  учаскелік полиция инспекторы - Набиева Анара Балкашевна ерекше айтып өтті. Ұлан ауданының білім бөлімі басшысы - Ринат Ерболович Джаманбаев                       
отырыста айтылған мәліметтерді қорытындылап, білім беру мекемелері басшыларына сәйкес тапсырмалар берді.  Білім бөлімінің жауапты мамандарына тапсырмалардың орындалуын қадағалуын тапсырды                                                                                           .