Құтқарушылар "Тоқта, балақай!»

Құтқарушылар "Тоқта, балақай!»

Балалардың терезеден құлау жағдайларына алаңдаулы Өскемен қаласы ТЖБ және ШҚО ТЖД құтқарушылары «Тоқта, балақай!» атты арнайы акция өткізді. Жоғары қабатты үйлердегі көпбалалы отбасыларға жазатайым оқиғалардан сақтау үшін терезелерге қорғаныс құрылғылары орнатылды. 

«Әл-Фараб көшесіндегі отбасында 6 бала бар, 9-қабаттағы пәтердің терезесіне  біз орнатқан арнайы құлыптар жазатайым оқиғалардан қорғайды және сенімді тосқауыл болады», - деді Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері Асылан Қапаев.

ШҚО ТЖД психологы Светлана Андрусенко: «Қайғылы оқиғалардың басты себебі - балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы және ата - аналардың өздері балаларды терезеден далаға қарауды үйреті, табиғатты, құстарды көрсету үшін терезе алды тақтайшаға шығаруы болып табылады», - деп түсіндірді.

Акциямен құтқарушылар балалар қауіпсіздігі мәселелерін қолдауға шақырады. ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева: « ТЖ алдын алуға азаматтар неғұрлым көп қатысса, соғұрлым балаларымызды жоғалтудың алдын аламыз», - деді.

ШҚО ТЖД ата аналардың есіне салады:

 - Егер үйде бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз

- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз

-Терезелердің ашылуын болдырмау үшін терезелерге арнайы қорғаныс механизмдерін орнатыңыз;

- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз

- Баланы терезе алды тақтайшаға шығуға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол бұны сіз жоқта қайталауы мүмкін

- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға жол бермеңіз

- Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды. Ол қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар балаларды оған сүйенуге итермелейді, өйткені кішкентай балақайлар оны әйнек сияқты сенімді сезінеді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз