
05 мамырда Өскемен қаласында 9 қабатты үйдің 6-қабатында пәтер өртенді. ШҚО ТЖД келген бөлімшелері қою түтін басқан кіреберістен 17 ересек пен 8 баланы эвакуациялады. Жанып жатқан пәтерден әйел мен ер адам құтқарылды. Күйіп шалған ер адам қаланың медициналық мекемесіне жатқызылды, әйелді жедел жәрдем дәрігерлері тексерді.
ШҚО ТЖД қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт көрші пәтерлерге таралған жоқ.
Мұның себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану болды.
Өртті сөндіруге қала бөлімдерінің жеке құрамынан барлығы 13 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Темекі шегу әрдайым осындай салдарға әкеледі. Бықсып жанған темекі тұқылы біраз уақыттан кейін сөнеді, бірақ ол жану ошағына айналуы мүмкін.
ШҚО ТЖД ескертеді:
-Төсекте темекі шегуге жол бермеңіз, әсіресе мас күйінде
- Темекі тұқылдарын сумен толтырылған қаңылтырға тастау керек. Лоджиядан немесе балконнан "тұқылды" лақтыру әдетін ұмытыңыз
- Ашық отпен әрқашан абай болыңыз
ШҚО ТЖД қызметкерлері өрттердің санын азайту және оларда адам өлімінің алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауда. Профилактикалық іс-шаралар, көптеген акциялар өткізеді, азаматтарды тұрғылықты жері, жұмысы және оқуы бойынша өрт қауіпсіздігі шараларына үйретеді.
Сақ болыңыз және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға немқұрайлы қарамаңыз, назар аударыңыз және уақтылы қабылданған шаралар қайғылы салдардан аулақ болуға және сіздің өміріңіз бен мүлкіңізді сақтауға көмектеседі.
Егер сіз өртті байқасаңыз, дереу "101" немесе "112" телефондарына хабарласыңыз.