
ШҚО ТЖД құтқарушылары Жеңіс күніне орай соғыс кезіндегі «Катюша» мен «Смуглянка» әндерін ұлттық аспап – домбырамен орындады. Осылайша, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Отан үшін жанын қиғандар мен ардагерлерге деген құрметі мен ізетін көрсетті. Естелік челленджіне мектеп оқушылары да қатысты, ал музыкалық «ұжымды» Мұрагер бағдарламасы бойынша домбыра үйретуші Талғат Әбішев басқарды.
«Соғыс кезіндегі әндер – сол уақыттың үлкен тарихы мен мықты рухы. Соғыс кезіндегі әндердің мәтіні мен әуендері қиын қыстау кезде солдаттарға жігер беріп, жеріңді қорғауға рух берген. Біздің қала мектебі оқушыларымен бірлескен музыкалық «тандем» түрлі ұрпақтар мен патриоттық сезімдерді түйістірді. Өкінішке орай жыл сайын ардагерлеріміз азайып бара жатыр, бірақта олар туралы батылдық естеліктер ұмытылмайды, мәңгі есте» - деп атап өтті ШҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастығы Айдын Мұстафин.
Құтқарушылар мен балалар бәрінің сүйікті композицияларын жан-тәнімен ойнап, сол кездегі сәттерді көз алдына келетіндей етіп орындады.