
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай М. Дәуленов атындағы мектеп-интернатының 3 «г» сынып оқушыларымен балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Ашық тәрбие сағаты» өткізілді. Сынып жетекшісі Ләйлә Жайлаубекқызы оқушыларға ұлттар арасындағы достық, бірлік, татулық жөнінде түсіндіріп өтті. Оқушылар өнерлерін көрсетіп, еліміздегі басқа ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысты. Мерекелік іс-шараға Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері қатысып, оқушыларға «Қауіпсіз балалық шақ», «Өрт қауіпсіздігінің алдың алу» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.