
Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні ШҚО ТЖД қызметкерлері "Сәлемдесу" арнайы челленджін өткізді. Облыстың аудандық және қалалық бөлімшелерінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар әртүрлі халықтардың ұлттық костюмдерін киіп, бір-бірін түрлі тілдерде және ишара көрсетіп қарсы алды.
"Челлендждің басты міндеті - ТЖ қызметінде жұмыс істейтіндердің алуан түрлілігі мен көпұлттылығын, сонымен бірге өңір халықтарының бірлігін көрсету. ШҚО ТЖД азаматтардың қауіпсіздігі үшін 8 ұлттың өкілдері жұмыс істейді: қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр, әзірбайжан, балғар. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ олар бірге бір тату отбасы.
Шығыс Қазақстан гарнизоны қызметкерлерінің барлық жетістіктері - бұл, ең алдымен, ұжымның бірлігі мен достығы, азаматтардың ұлттық және діни қатыстылығына қарамастан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік. Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғаларға 800 - ден астам сапар жасады, бұл ретте 64 адам құтқарылды, 106 азамат эвакуацияланды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.