Глубокое ауданында ер адам өрт кезінде немересін құтқарды

Глубокое ауданында ер адам өрт кезінде немересін  құтқарды

Глубокое ауданы, Уварово ауылында 25 сәуірде түнгі сағат 02 шамасында тұрғын үйде өрт болды. Кіреберіс тобының ағаш конструкциялары, сондай-ақ үйдің едендері, шатыры, қабырғалары жанып кетті. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенге дейін Евгений Шимин жанып жатқан үйден бес жасар баланы шығарып алды.
Белгілі болғандай, Евгений өрт туралы көмек сұрап келген
жақын маңдағы үйде тұратын қайын енесінен  естіп білді. Дәл сол уақытта оның 1948 жылғы күйеуі, терезені шағып, түтін басқан аймақтан шығып үлгерді. Жанып жатқан үйде Евгенийдің немересі қалып қойған болатын. Евгений терезені сындырып, баланы тауып алды да, сыртқа алып шықты. Өкінішке орай, өрт кезінде 1954 жылы туған тағы бір әйел адам (үйдің иесінің әпкесі) жану өнімдерімен уланып сол жерде көз жұмды.
Қазіргі уақытта бала медициналық мекемеге жатқызылды.
ШҚО ТЖД келген өрт сөндірушілер 56 м.кв аудандағы өртті жойды.
Өрттің алдын–ала себебі - электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау және отпен абайсыз пайдалану нұсқасы қарастырылуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екендігін еске салады:
- ақаулы ажыратқыштарды, розеткаларды, патрондарды және өрт қауіпті электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;
- шамадан тыс жүктемені, жоғары өтпелі кедергіні және электр сымдарының қызып кетуін болдырмау үшін бір розеткаға бірнеше жоғары қуатты электр құрылғыларын қоспаңыз;
- сымдардың кебуі мен оқшаулауының зақымдануын болдырмау үшін оларды қыздыру беттеріне (пештер, түтін мұржалары, жылыту батареялары және т.б.) тартуға тыйым салынады.
- электр сымдарын механикалық бұрау арқылы қосуға жол бермеңіз.