
24 сәуірде Ұлан ауданындағы Белая гора кентінде қатты отынмен жылытылатын пештің ақаулығы, атап айтқанда уақытында тазартылмаған мұржа көміртегі тотығымен улануға әкеп соғып, салдарынан 1984 жылы туған үй иесі мен 1980 жылы туған ағасы ауруханаға жатқызылды.
ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тұрақты ескерту жұмыстарына қарамастан, тұрғындар үйлердің қауіпсіздігі тек олардың жауапкершілігінде екенін түсінуі керек. Иелердің әрқайсысы өз мұржасын тазалап, тұрғын үйді өртке қарсы күйге келтірмейінше, жағдай шешілмейді.
Құтқарушылар өз өмірін сақтау үшін мыналарды орындау қажет екенін ескертеді:
- пешті 3 айда кемінде 1 рет тазаланады.
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз
- қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды
- от жағуды ұйқы жатардан бірнеше сағат бұрын аяқтауға тырысыңыз. Ысырманы жабуға мүлдем болмайд.
- желдетуді тексеріңіз. Тарту күшінің болмауы көміртегі тотығымен улануға әкелуі мүмкін.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112"нөмірі бойынша хабарлаңыз.