Балалардың қауіпсіздігі-ересектердің қамқорлығында

Балалардың қауіпсіздігі-ересектердің қамқорлығында

Жыл сайын көктем-жаз маусымның басталуымен терезеден құлуы салдарынан балалардың өлімі мен жарақаттану жағдайлары тіркеледі. ШҚО ТЖД мамандары талдау жүргізді, 2021-2023 жылдар аралығында облыс аумағында осындай 5 жағдай тіркелген.

Ағымдағы жылғы 27 қаңтарда Риддер қаласында 5- қабатты тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалған пәтер иесінің 2021 жылы туған ұлы 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды.
Жүргізілген талдау, терезеден құлаған балалардың жасы 1 жастан 3 жасқа дейін (5 бала) аралықта болатынын көрсетті. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері-балаларды қараусыз қалдыру және терезелерді ашуға жол бермейтін қорғаныс құралдарының болмауы.

"Балалармен болған жағдайлар ата-аналар үлкен балаларға кішілеріне қарауды тапсырған кезде де болады. Сонымен қатар, тіпті бес жасар баланы "үлкен" деп саналады, оған бір жасар балаларды  бақылау тапсырылады. Бұл дұрыс емес. Үлкен бала да бала және ол ересектер сияқты жауапкершілікті көтере алмайды. Ата – аналардың шекараны белгілемеуі және биіктік қауіпті деп айтпауы қателікі. Аналар кішкентай балаларын көшеге, құстарға, көліктерге қарату, әкесіне қол бұлғау үшін оларды терезе алдына өздері шығарады. Бала бұл жердің оған қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД психологы Светлана Андрусенко.

"Балалар москит торына сүйеніп, терезеден құлап кетуі мүмкін. Олар ешқашан балаларды құлаудан қорғамайды. Керісінше-москит торы қайғылы жағдайдың орын алуына ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді", - деп ата пөтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева.

ШҚО ТЖД еске салады:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Балалар бар пәтерде терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықталған болуы  тиіс.
Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе  тұтқасын  құлыптаңыз.
Баланың терезе алдына шығуына  жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз.
Баланы терезе алды тақтайшасына шығуға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіз жоқтада  қайталауы мүмкін.
Балаларға ересектердің қарауынсық балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
Балалардың қауіпсіздігі тек  сіздің қолыңызда!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.