Газ және оны пайдалану ережелері

Газ және оны пайдалану ережелері

         Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері және Зайсан аудандық «ГазТрансГаз Аймақ»  АҚ қызметкерлері бірлесе  тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін болдырмау мақсатында аудан тұрғындарына газ және оны пайдалану ережелерін сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Газ құрылғыларын қолдану кезінде ережелерін бұзу себептері бойынша көп жағдайда өрт болып жатады. Газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтырғыш газдың шығуын сезетін сигнал берушілерді орнатыңыздар.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

-пешті пайдалануға балаларды және өз ісіне жауап бере алмайтын, пешті пайдалану ережелерін білмейтін өзге адамдарды жақындатуға;

- пеш қондырғыларына өз еркімен өзгеріс енгізуге және жөндеуге;

- бекіткіштің иінтірегін клапан батырмасына күштеп тартуға, себебі бұл қауіпсіздік автоматикасын істен шығарып, қайғылы оқиғаларға себеп болады;

- газ плиталарын үйді жылыту үшін қолдануға;

- желкөз және желдеткіш каналдар жабық тұрған кезде, қаланған кірпіштердің тұтастығы бұзылғанда, сылақ жарылғанда және мұржадан түтін тартпағанда пештерді пайдалануға;

-газ жабдықтары орнатылған бөлмелерде ұйықтауға және демалуға ;

- жанарғыны өз еркімен бұзып, қайта орнатуға;

- қолдан жасалған пештерді өз күшімен орнатуға, пайдалануға.

 ПӘТЕРДЕ ГАЗ ИІСІ СЕЗІЛСЕ:

  1. Жедел түрде барлық газ крандарын жабу керек.
  2. Бөлмені желдету керек.
  3. Ашық отты, электр құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
  4. 31-182 телефоны бойынша апат қызметін шақыру керек.

Рейд барысында 78 тұрғын  үй қамтылды, жадынамалар таратылды. Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, сізді газбен жұмыс істегенде абай болуыңызды сұрайды. Тыңдаңыз, осындай жай ережелер сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.