
Ұлан ауданындағы Саратовка ауылында сағат 08: 32-де аумағында ағаш кесетін қоймада өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың ағаш құрылымдары мен кесілетін ағаш жанып жатты. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінен нысан 25 шақырым жерде болды, Өскемендік өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары да көмекке тартылды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс – қимылының арқасында өрт жалпы ауданы 726 шаршы метрде тоқтатылды, сондай-ақ қойма ішіндегі 7 текше метр ағашты өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында құтқаруға мүмкіндік туды.
Өрт себебі бойынша – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы қарастырылуда. Өртті сөндіруге барлығы 4 өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау. Объектілерде жұмысқа жарамды ақаусыз алғашқы өрт сөндіру құралдары және автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Нысан қызметкерлеріне қауіпсіздік нұсқамаларынан өту және өрт кезінде әрекет ете білу.
Өрт кезінде 112 немесе 101 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз .