Өскемендегі өрт сөндірушілер өрт кезінде 10 тұрғынды эвакуациялап, қарт әйелді құтқарды

Өскемендегі өрт сөндірушілер өрт кезінде 10 тұрғынды эвакуациялап, қарт әйелді құтқарды

 31 наурызда Өскеменде Астана көшесінде бес қабатты ғимаратта өрт шықты.  Үшінші қабаттағы пәтер отқа оранды. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД қызметкерлері келіп жетті. Жанып жатқан пәтерде ешкім болған жоқ. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны кіреберісте барлау жүргізу кезінде қарт әйелді тауып алып, оған ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағы бастығының көмекшісі Нұртас Нұрсейітов шығуға көмектесті. Бір уақытта үйдің пәтерлерінен өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуациялап, тоңып қалмасы үшін жылы "Вахта" автокөлігіне орналастырды.

Пәтерде, зал бөлмесінде жиһаз, жеке заттар жанған, сонымен қатар балкон мен көршілердің балконын ішінара жайылған. Құтқарушылардың жедел іс-қимылымен өрт жалпы ауданы 33 ш. м. сөндірді.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 15 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт себебі бойынша  темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.

ШҚО ТЖД азаматтардан келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- ашық отты қолданбаңыз

- балкондарды жанғыш материалдармен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен және отқа себепкер бола алатын басқа заттармен қаптамау керек

- пәтерден шыққан кезде әрқашан балкондардың терезелері мен есіктерін жабыңыз, оларға кішкене  балалардың кіруін шектеңіз

- балконда алғашқы өрт сөндіру құралдарын сақтаңыз

- мүмкіндігінше балкондар мен лоджияларды каптап тастаңыз, терезелерді ашық қараусыз қалдырмаңыз

- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастамаңыз.

 Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.