
Риддер қаласында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов ҚР ТЖМ Риддер гарнизонының жеке құрамына қалалық ТЖ басқармасының жаңа бастығы-азаматтық қорғау подполковнигі Евгений Витальевич Тарасовты таныстырды. Евгений Тарасов 1983 жылы Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер) дүниеге келген. 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсіп, 2005 жылы бітіргеннен кейін барлық еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен және Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен байланысты болды. Бас маман лауазымынан бастап, кейіннен Риддер қ. ТЖБ Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2020 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін азаматтық қорғау подполковнигі Е. В. Тарасов Риддер қ. ТЖБ бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2011 және 2021 жылдардағы ауқымды орман өрттерін, Таловск қалдық қоймасын бұзу кезіндегі авариялық жағдайды, 2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Риддер ЖЭО" АҚ-да төтенше жағдайды жоюға белсенді қатысты. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғысынан жоғары дәрежелі тәуекел объектілерін тексеруді жүзеге асырды, қала объектілерінің басшылары мен халықты қауіпсіздік ережелеріне үйрете отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Оқушымен төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндіру әңгімелерін өткізу үшін білім бөлімінің оқу орындарына барады.: "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін 10 жыл" медалі, "Мінсіз қызметі үшін 15 жыл" медалі, Жеңістің 60 жылдығы Астана қаласындағы шеруге қатысқаны үшін төс белгісі марапаттары бар.