Өскеменде құтқарушылар жануарды «босатты»

Өскеменде құтқарушылар жануарды «босатты»

 Өскеменде «Звезда» саяжай қоғамының аумағында ит тікенді сымға оралып қалған екен. Оның жалынышты дауысын естіген куәгер құтқарушыларға хабар берді. Шақыру орнына келген ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының мамандары темір кескіштің көмегімен жануарды босатты. Абырой болғанда ит зардап шеккен жоқ және құтқару операциясы кезінде қарсылық көрсетпеді.

Бұл оқиға жыл басынан бері ШҚО ТЖД мамандарының төртаяқтыларға шұғыл көмекке келген 10-шы жағдай.

ШҚО ТЖД құтқарушыларды көмекке шақыру үшін 112 нөмірінің жұмыс істеп тұрғанын еске салады.