Риддерде мұзды ұсақтау жүргізілуде

Риддерде мұзды ұсақтау жүргізілуде

Риддер қаласының маңындағы Белая Уба өзенінде мұз кептелісі пайда болуы ықтимал орындар бар. Сонымен қатар, жақында Риддер – Чекмар автожолының 41 шақырымында қар көшкіні түсіп, өзен арнасын жауып тастаған. 

Кептеліс құбылыстары мен су басудың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар алдын ала жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды, олардың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрады.

 Өткізілген іс-шаралар арна бойынша ешқандай кедергісіз су өткізуді қамтамасыз етті.

"Облыс бойынша кептеліс қаупі бар барлығы 16 учаске анықталды, онда наурыз айының басынан бастап мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда аймақта өзендердегі мұздың әлсіреу процестері жалғасуда, мұз қоюланып, кей жерлерінде жартылай ойықтары бар, су төгілуі және кептеліс байқалмайды.

Жарылыс жұмыстары елді мекендерге қауіп төндірмей, мұздың біртіндеп өтуіне мүмкіндік берді " - ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.