
Су тасқыны қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізілуде, сонымен қатар жағдайды бақылау үшін аэровизуалды бакылау да жүзеге асырылады. Жазық аумақта қар белсенді түрде еруде. Тексерілген аумақта өзендердің арнасынан асып және су басу жағдайы болған жоқ. Аймақтағы ірі өзендердің арналары мұздан ашылып, сең жүре бастады.
Уба, Күршім, Бұқтырма және Ертіс өзендерінде мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жару жұмыстары аяқталды. Гидротехникалық құрылыстарға бақылау орнатылды.
Ағымдағы жылы Жол картасы бойынша барлығы 56 млн.теңге сомасына 5 іс-шара іске асырылуда. Өскемен-Риддер автожолы ауданындағы Үлбі өзеніндегі, Глубокое ауданы Черемшанка ауылындағы өндірістік база ауданындағы су тасқынына қарсы іс - шаралар, Глубокое ауданы Черемшанка ауылынан жоғары Үлбі өзеніндегі жағалауды нығайту жұмыстары, Катонқарай ауданындағы ұзындығы 300 метр Сарымсақты өзеніндегі жағалауды нығайту бойынша ағымдағы жұмыстар, ұзындығы 1500 м болатын Зайсан ауданында Жарлы өзенінің арнасын тазарту және жағалауды нығайту жұмыстары.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 459 мың текше метр қар шығарып, каналдар мен арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазартты. Екі мың тонна инертті материалдар, 251 тонна ЖЖМ, 53 мың дана қап дайындалды.
Жағдай қиындаған жағдайда облыстың қажетті күштері мен құралдары-жеке құрамның 1719 адамы, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралдары және 224 мотопомпалар тартылатын болады. Сыйымдылығы 14,5 мың адам болатын 121 уақытша орналастыру пункті белгіленген.
Сонымен қатар, құтқарушылар халыққа үй маңындағы аумақтарды қардан уақтылы тазартуды, арықтар мен ағындардың арналарын бітемеуді ұсынады.