
Өскеменде қыз бала құтқарушыларға жүгінді. Ол сақинаны шеше алмадым деп шағымданды. ШҚО ТЖД қызметкерлері келген кезде саусақ ісіп, әшекей оны қатты қысып тастаған екен . Белгілі болғандай, қаланың 15 жастағы тұрғыны сақинаны сынап көргісі келіп "тұзаққа"түсті.
Әрбір құтқарушы маманның "сақина кепіліне" көмекке келудің өзіндік тәсілі бар. Бұл жолы ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкері саусағын уқалап, қолайсыз әшекейді алып тастады.
ШҚО ТЖД еске салады, егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 телефонына хабарласыңыз.