
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының құтқарушылары мен өрт сөндірушілеріне №17 ОМ ММ оқушылары қонаққа келді.Экскурсия алдында балаларға қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. Ұлдар мен қыздарға жауынгерлер өздерінің қызмет барысын, арнайы киімдерін көрсетті және де балалар үшін ең қызықтысы өрт сөндіру машиналары бар гаражға бару болды. Балалар өрт сөндіру машинасының қалай жұмыс істейтінін қызығушылықпен және зор ынтамен тамашалады. Тыңдады және түрлі сұрақтар қойды.
Экскурсия соңында оқушыларға өрт сөндіру көлігінің рулін басқарту арқылы, өздерін өжет өрт сөндірушілер ретінде сезінуге рұқсат етілді. Тына қалып балалар өрт сөндіру машинасының сиренасын тыңдады. Содан кейін жауынгерлік жабдықты киіп көрді.
Экскурсия достық атмосферада өтті және бөлім қызметкерлерінің күнделікті өмірін нашықтауға мүмкіндік алды, өйткені олардың күнделікті қызметі мұндай нотада жас ұрпақпен қарым-қатынасты болжамайды. Сондай-ақ балалар күнделікті өрт сөндірумен және адамдарды құтқарумен айналысатын адамдармен әңгімелесуден өрт қауіпсіздігі ережелері туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.