Құтқарушылар ит пен мысықты құтқаруға көмекке келді

Құтқарушылар ит пен мысықты құтқаруға көмекке келді

Өскемен қаласы Мызы көшесінде мысық 4-ші қабаттағы үйдің деңгейіндегі ағашқа шығып, өз бетінше қайта түсе алмаған. Үй жануарының иесі дабыл қағып, құтқарушыларды шақырды. Оқиға орнына келген ТЖ қызметкерлері жануарды аулауға арналған ілмектің көмегімен мысықты ағаштан түсіріп, иесіне тапсырды.

Бірнеше сағаттан кейін  құтқарушыларға Егоров көшесіндегі құдықтың шұңқырына иттің түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жануарды құдықтан мұқият алып шықты.

Жануарларға көмектесу- ШҚО ТЖД құтқарушыларының қиын да емес, бірақ қайрымды міндеттерінің бірі екендігін айтты.  Қызметкерлердің өздері атап өткендей, аптасына бір рет болсын осындай құтқару операциясына шығып тұратындықтарын жеткізді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласыңыз.