Маңызды сабақ

Маңызды сабақ

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өзіндік қауіпсіздік тобы және жеке құрам инспекциясымен департаменттің жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды бұзушылықтың алдын алуда ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №73 мекемеге баруды ұйымдастырды. Мекеме басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Саяхат Шәріпов Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін тергеудегі адамдарды ұстау жағдайларымен таныстырды, аталған мекемеде ұсталған тұлғалардың санаттарына, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаларға тоқталды.
Сондай-ақ мекеменің әкімшілік ғимаратын аралап, танысты. Бұндай профилактикалық жұмыстар ШҚО ТЖД қызметкерлері қатарында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың туындау қаупін алдын алу, болдырмау және жою мақсатында жүргізілуде.
Ауқымды жұмыс Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру әсіресе, инженерлік-инспекторлық құрам, өрт сөндіруші бөлімшелердің басшылығы арасында жалғасуда.