Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өзіндік қауіпсіздік тобы және жеке құрам инспекциясы Шығыс Қазақстан облысы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Департамент басшысы Андрей Измайловтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобы және жеке құрам инспекциясы қызметкерлері қатысуымен отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша екі департаменттің өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобы және жеке құрам инспекциясы қызметкерлері өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар, олар үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен талдау жүргізу мәселесі талқыланды.