Өскеменде суда құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирі өтті

Өскеменде суда құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирі өтті

 Облыстық турнирдің дайындығын Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Өскемен қаласының «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығының» мұғалімдерімен бірлесіп, өткізді. Жарысқа 40-тан астам оқушы - студенттер қатысты. Шара қалалық бассейн базасында төтенше жағдайлар қызметі мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің жіті назарында өтті», - деп хабарлады ШҚО     Төтенше жағдайлар департаменті. Турнирге қатысушылар 25 метрлік еркін жүзу қашықтығын жылдамдықпен жүріп өтіп, зардап шеккендерді тасымалдап, құтқару құралдарымен жүзуді еңсеру және суға батқандарға сауатты түрде көмек көрсету қажет болды. Қорытынды бойынша орындар келесідей бөлінді: 1-орынды №29 мектептің «Жас құтқарушылар» орталығының командасының оқушылары, 2-орынды - Жоғары политехникалық колледжінің командасы, 3-орынды – «Спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» оқушыларына бұйырды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару бойынша тәжірибелік сабақ өткізіп, адамды «су тұтқынынан» шығарудың алғашқы шаралары туралы айтты. «Жарыстар судағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге назар аударуға бағытталған», - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов.