ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасуда

ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасуда

  Бұл жолы Катонқарағай ауданында мұз жару операциялары жүргізілді. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері және мамандандырылған ұйым жүргізді. Катон-Қарағай ауданындағы Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 70 см құрайды.
  "Мұз кептелісі жағалаулардың су басуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мұзды алдын-ала ұсақтау қажет . Жалпы ауданы 149 250 шаршы метр болатын өңірдегі барлық су тасқыны қаупі бар учаскелер пысықталды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
  Жалпы, Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының өтуі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін созылады.