
Ауа райының құбылмалы болуына байланысты облыста тауларда қар көшкіні қаупі пайда болды. «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының мамандары жүргізген мониторинг «Алтай –Путинцево» автожолының учаскесіндегі қар өлшегіш төрткілдеш бойынша 37 километрде қардың мөлшері 70-тен 90 см-ге дейін жететінін, профилактикалық түсіруді жүргізу қажеттілігі туындағанын көрсетті. ШҚО ТЖД және Қазселденқорғау қызметкерлері жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды, 5 жарылыс нәтижесінде аса қауіпті учаске тазартылды. 20000 текше метр қар түсіп, жол жабылды. Қазіргі уақытта учаскені жол қызметтері тазартуда.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс екенін ескертеді. Егер сіз көшкін қаупі бар аймақта болсаңыз:
- тауларда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз;
- қар көшкіні болуы мүмкін жерлерді біліңіз;
- көшкін қаупі бар беткейді бір-бірлеп және мүмкіндігінше жоғары кесіп өтіңіз. Қауіпсіз жол – тау жотасы;
- тыныштықты сақтаңыз. Есіңізде болсын, қатты айқай қар көшкінін тудырады;
- көлікпен қар көшкіні қаупі бар учаскенің жанынан өтіп бара жатқанда -тоқтамаңыз.
Құрметті тұрғындар! Қала мен елді мекендерден тыс жерлерге шығу кезінде қөшкін қаупі бар ошақтардан өткенде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.