ШҚО-да 2023 жылдың басынан бері 12 өрт дерегі тіркелген.

ШҚО-да 2023 жылдың басынан бері 12 өрт дерегі тіркелген.

Шығыс Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері 12 автокөлік өрттері орын алды. Соңғыларының бірі болып 14 наурызда Өскемен қаласында Севастопольская көшесінде автокөлік тұрағы кезінде 1995 жылы шыққан "Nissan Primera" маркалы автокөлік өртенді. Нәтижесінде мотор бөлігінің жанатын тетіктері, аспаптар панелі, жалпы алаңы 1,5 ш.м. өртенді. Өрттің алғашқы себебі - автокөліктің қозғалтқыш болігінде электр сымдарының қысқа тұйықталу  нәтижесінде одан әрі таралуы салдарынан.
      "Көліктегі өрттердің негізгі себебі көлік құралының жүйелерінің, тораптары мен механизмдерінің ақаулығы, көлік құралының электр жабдықтарының ақаулығы, көлік құралына тікелей жақын жерде өрт қауіпті от жұмыстарын жүргізу кезінде ұшқындардың, ыстық металл бөлшектерінің түсуі, электр жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болып табылады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
      ШҚО ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
- Уақытында  тексерістен өту.
- Магнитофонды, дабылды, қозғалтқыштың іске қосу алдындағы жылытқышын тек мамандандырылған орталықтарда орнату.
- Көлік салонында әрқашан екі литрлік ұнтақ өрт сөндіргіш болуы керек. Оның жарамдылық мерзімін тексеріңіз-бұл кішкентай нәрсе біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
- Барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау. Сақтандырғыштарды қолданыңыз және ешқашан үйдегі сым "секіргіштерді"орнатпаңыз.
- Қозғалтқыштың жанармайға қатысты бөлшектерінің герметикалығын, сондай-ақ жарамдылығын бақылау.
- Мотор бөлімінде бөгде, тез тұтанатын заттарды-шүберектерді, картондарды және т. б. ұстамаңыз.
-Жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдауға болады. Сонымен қатар, контейнерлерде ЖЖМ дақтары қалмауы керек.
- Қыста мұздатылған көлікті жылыту үшін үйдегі жылыту құрылғыларын, жылытқыштарды және ашық жалын көздерін пайдаланбаңыз.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі