Биыл Алтай ауданында бір метрден астам қар жауды,бұл қалыпты жағдай. Сонымен қатар, су басу қаупі бар аймаққа 12 елді мекен кіреді. Су басу қаупін азайту мақсатында ауданда үлкен жұмыстар жүргізілуде: бөгеттерді толтыру, су бұру арналарын, көпірлерді, арықтарды, су өткізу құбырларын тазарту. 30,4 мың текше метр қар шығарылды.
Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары басталды. Бүгін Тұрғысын ауылының маңында 20000 ш. м. алаңда мұз жарылды.тағы 4 күн ішінде өзендегі жарылыс жұмыстары Малеевск, Богатырево, Быково және Зубовск ауылдарының маңында өтеді.
Тұрғындарға құтқарушылар еріген сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және тұрғын үйлер мен аула ғимараттарын су басудың алдын алу үшін су тасқынына белсенді дайындалуды және үйлерге іргелес аумақты, арықтарды қар мен қоқыстардан тазартуды ұсынады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.