Көшкін қаупі бар беткейлерде алдын алу жұмысы

Көшкін қаупі бар беткейлерде алдын алу жұмысы

Шығыс Қазақстан облысында мол жауын-шашын, жел және температуралық фонның көтерілуі қар көшкіні қаупі бар ошақтардың баурайында қардың еру қаупіне әкелді. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары көшкіннің өздігінен түсуінің алдын алу мақсатында «Өскемен-Алтай» автожолында 61-62 шақырымға профилактикалық түсулер жүргізді.

«Автожолға көшкін түсу қаупіне байланысты біз жалпы көлемі 23700 текше метр болатын 5 түсу жүргіздік. Қар массасы жолды толығымен жауып тастады. Қазавтожол қызметкерлері автожолды тазартуда. Біз өз тарапымыздан қар көшкінін болдырмау бойынша жұмыс жүргіздік.  Біздің азаматтарға тауда болған  кезде ережелерді сақтауға кеңес береміз.  Көшкін қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатқанда, сіз өте мұқият болуыңыз керек, олардың жанында тоқтамаңыз. Жауын-шашын көп болған кезде қар көшкінінің түсу қаупі артады» - Қазселденқорғау филиалының ШҚ басшысы Омар Дүзгімбаев.